Әнші Сырым Исабаев Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әнші Қайрат Нұртастың сәбиінің жанында ән шырқап тұрғанын көруге болады.
Бұл жылы көрініс желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Олар қос әншіден жаңа дуэт күтетінін айтып жатыр.
Сонымен қатар әншілерге шығармашылық шабыт тіледі.
"Құтты болсын", "Бақытты болыңдар", "Сырым келіпті", "18 жылдан кейін кейін кездесіпті", "Қос аңыз", - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
