Екі тарап видео жариялап, өзара келісімге келгенін мәлімдеді.
“Уайымдамаңыздар...”: композитор Қуат Әбілов пен әнші Баянсұлу татуласты (видео)
155
оқылды

Композитор Қуат Әбілов пен әнші Баянсұлу арасындағы дауға нүкте қойылды, – деп жазды Aikyn.kz.

Екі тарап видео жариялап, өзара келісімге келгенін мәлімдеді.

«Баянсұлу қарындасымызбен туындаған мәселенің нүктесі қойылды. Барлығы орнында. Өзара келісімге келдік. Ешқандай бір-бірімізге өкпе-ренішіміз жоқ. Қол алысып, сіздерге үндеу жолдап отырмыз. Айып етпеңіздер! Бізбен бірге болғандарыңызға, рақмет!», - деді Қуат Әбіл.

Баянсұлу да мәселенің толық шешілгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін композитордың жазған хит әндері үшін қаламақы төленбегені айтылған және авторлық құқыққа байланысты келіспеушілік туындаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.