Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай жақында алғаш рет Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты.
Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмаққа ауысты
Фото: ҚБФ
131
оқылды

Боксшы Нұрбек Оралбай енді жаңа салмақта шаршы алаңға шығады , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол енді 90 келіде өнер көрсетеді. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Каженов әлеуметтік желіде жазды.

«Ұлттық құраманың мүшесі, Олимпиада жүлдегері, Әлем және Азия чемпионы Нұрбек Оралбай жаңа салмаққа ауысты. Яғни, ол бұдан былай 90 келіде өнер көрсетеді. Сәйкесінше, осы салмақ дәрежесінде ішкі бәсеке күшейеді деген сөз. Олимпиадалық салмаққа ауысудағы мақсаты айтпаса да түсінікті. Шешім дұрыс болды ма? Пікір қалдырыңыз…», - деді журналист.

Айта кетейік, Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай алғаш рет Азия чемпионатында  алтыннан алқа тақты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.