Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мектеп қызметкері оған ескерту жасаған. Бірақ жасөспірім агрессивті әрекет танытып, соның салдарынан олардың арасында төбелес болған.
Астанада оқушы мектеп қызметкерімен төбелесіп, айыппұл арқалады
98
оқылды

Астана қаласында 17 жастағы жасөспірім мектеп аумағына автокөлікпен заңсыз кіріп, жанжал шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мектеп қызметкері оған ескерту жасаған. Бірақ жасөспірім агрессивті әрекет танытып, соның салдарынан олардың арасында төбелес болған.

Оқиға бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде барлық қатысушы жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәмелетке толмаған жасөспірім де, мектеп қызметкері де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаланды.

Бұдан бөлек, жасөспірімнің ата-анасын бала тәрбиесінде салғырттық танытқаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.