Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жұбайы, продюсер Баян Мақсатқызын Ғашықтар күніне ерекше құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол Баян Алагөзоваға Cartier брендінен әшекей сыйлаған. Бұл сәттің видеосын продюсер әлеуметтік желіде жариялады.
"Махаббатым менің, өмірім менің. Бүгін ғашықтар күні. Бұл сыйлық саған", - дейді Тұрсын Алагөзов.
Баян Мақсатқызы баршаны мерекемен құттықтап, әр әйелге бақыт тілейтінін жеткізді.
Желі қолданушылары продюсердің отбасына береке тілеп, кәсіпкердің сыйлығына тәнті болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
