Танымал асаба мен оның жұбайына қатысты жеке бейнежазбаның таралуы қоғамда қызу талқыға түсті, – деп жазды Aikyn.kz.
Ерлі-зайыпты видеоның абайсызда таралып кетуі өздеріне ауыр тиіп жатқанын айтты. Сонымен қатар оның таралуын тоқтатуға көмектесуді сұрады.
Сонымен қатар ерлі-зайыпты түсіністік танытуды өтінді.
“Видеоның таралмауына атсалысайық. Барша қазақ елінен көмек сұраймыз. Осы видеоны таратып немесе өздеріңіз өз сөздеріңізбен сторис пост салып, қолдасаңыздар. Анама, әйеліме, отбасыма қатты қиын болып жатыр. Бізге қастандық жасап, видеоны таратып жіберуіне байланысты көмек сұраймыз. Қазір үлкен резонанс болып жатыр. Өзімізге де жіберіп жатыр. Ол видеоның желілерде сатылуын тоқтатуға көмектесіңіздерші. Таратып жатқан адамдарды заң жүзінде тексеріп жатыр. Барлығы өз жазасын алатын болады", – дейді асаба.
Ол видеоны таратқан адамдарға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
