Ол «Қылығы жасына сай емес» деп жиі сын айтылатынын атап өтті.
«Кәрі құтырса, жұт болады...»: Ләйлә Сұлтанқызы өзін сынағандарға жауап берді
119
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзін сынағандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол «Қылығы жасына сай емес» деген сын жиі айтылатынын атап өтті. Сонымен қатар еркіндікті жаны қалайтынын жасырмады.

«Кәрі құтырса — жұт болады», «Қартайғанда қылық шығарды», «Жасқа жарасқан – кәріге ұят», «Жасына сай емес қылық», «Ұялмай ма, немере сүйер жасқа келді», «Кеш қалды енді бұған», «Шошаң-шошаң етіп не болды», «Жастық шағын өткізіп алып, енді есін жиды ма», «Ақыл тоқтатар жаста ғой», «Әйел адамға ауырлау енді бұл», «Қартайғанда қыз қуғандай» (кейде әйелдерге де айтылады), «Өзін жас қыздай ұстайды», «Жасы келгенін мойындағысы келмейді». Менің әрекетім қазақилығымның өлшемі емес. Ана ретіндегі рөлімнің бағасы емес. Ата-анама қандай бала екенімнің дәлелі емес. Бұл — менің еркіндігім. Бұл — менің жұмысым. Бұл — менің нәпақам», - деді тележүргізуші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.