«Мемсараптама» РМК «Алматы қаласы Алатау ауданының Саялы шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» жобасына оң қорытынды берген.
Алматыда жаңа спорт кешені салынады
Фото: gov.kz
85
оқылды

Жоба қаланың спорттық инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына заман талабына сай жағдай жасауға бағытталған, – деп хабарлайды Аikyn.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. Нысанды іске асыру жұртшылықтың спортқа қатысты қызметтерге қолжетімділігін арттырып, Алатау ауданы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Жобаға сәйкес, кешен құрамында әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар болады: спорт және көркем гимнастика залдары – әрқайсысы 80 орыннан; каратэ (таэквондо), бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо залдары – әрқайсысы 34 орыннан, сондай-ақ 41 орынға арналған әкімшілік үй-жайлар көзделген. Аталған үй-жайлардың жалпы сыйымдылығы 473 орынды құрайды, қосымша 136 көрерменге арналған орын қарастырылған.

Сондай-ақ 112 орынға арналған су спорты түрлері залы және 204 көрерменге арналған трибуналар жобаланған.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені бір ауысымда 408 адамды қабылдай алады, ал бір мезгілдегі сыйымдылығы – 821 адам.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.