Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде даулы оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ерлерге арналған дәретханада бір кабинаға екі ер адам бірге кіріп, есікті ішінен жауып алған. Біраз уақыттан кейін үшінші адам есікті күштеп ашып, оларды соққыға жыққан. Видеоны таратқан адамның сөзінше, аталған екі ер адамды ұруға екеуінің "интимдік әрекеті" себеп болған.
Аталған жағдайдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түсті. Көпшілік кабинада бірге болған екі жігіттің әрекетін сынға алып жатыр. Десе де, полиция екі азаматқа күш қолданған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Полиция мәліметінше, оқиға 17 ақпанда болған. Тексеру барысында дәмханада ер адамның жас жігітті ұрып-соққаны анықталды. Қазіргі таңда күдіктінің жеке басы белгілі болып, ол полиция бөлімшесіне жеткізілген. Сонымен қатар дәретхана ішінде болған екі жігіттің әрекетіне де құқықтық баға берілмек.
