Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор Есмұхан Обаев 85 жасқа қараған шағында дүние салды.
«Менен кейін Есмұхан кетеді...»: Асанәлі Әшімов болжам болжаған
140
оқылды

Актер Нұрхан Кәдірбаев өмірден театр актері Есмұхан Обаев туралы жазба естелік жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әйгілі актер, марқұм Асанәлі Әшімовтің болжамы тура келгенін айтты.

"Асаналі Әшімовтың жиі айтатын сөзі бар екен: Бірінші мен кетемін, екінші Есмұхан сен кетесің, үшінші болып Сәбит (Оразбаев) кетеді. Асағаның қайғысын жеңіп үлгермеген қазақ өнері қайта қара жамылды. “Жасы ұлғайды, өмірде көп нәрсені көрді” дегеннің өзінде, төрің сиреп бара жатса қабырғаң қайысады екен. Есаға менің ұстазым, бүгін топырақ салуға бара алмадым. Өйткені осы ұстазымнан алған білімімді халыққа паш ететін күн. Бақұл болыңыз Есаға! Бүгінгі кешімді сіздің рухыңызға арнаймын!", - деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор Есмұхан Обаев 85 жасқа қараған шағында дүние салды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.