Өнер иесі шетелде ем алып жатқанын жеткізді.
«Тәнің мен жаныңды бір Аллаға тапсыру – рахат»: Тамара Асар денсаулығы туралы айтты
321
оқылды

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің қазіргі жағдайы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі шетелде ем алып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар алдағы күрделі кезең күтіп тұрғанын айтты.

“Шетелдемін. Алла сәтін салса. Үш күннен бері қайтадан тәй-тәй басып, жүріп үйреніп жатырмын… Отырған орыннан көтеріліп, мұп-мұздай болған аяққа дұрыс міну –жетістік. Бір жаққа қарай ауып кетпей, тепе-теңдікпен бойыңды тік ұстау – жеңіс. Өз комфортына жайғасып алған жылы дененің ауырсынуына, қажалғанына қарамай күрделі кезеңге бағыттап, босата білу – көну арқылы келген ерлік. Бір қадамды мың рет тынбай қайталау – еңбек. Қажалудың қанымен, ауырсынудан жотадан сорғалаған терге бой бермеу – жеңіс. Ал әрбір басқан қадам ойдағыдай өзі әдемі, өзі нық болса, бұл бұйырса – жеміс! Тәнің мен жаныңды бір Аллаға тапсырып, бағыну арқылы бағындыру – рахат! Бәрі өмірдегідей, ал өмір, кәдімгі спорттағыдай”, - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, мықты денсаулық тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.