Құда-құдағиы арасында ешқандай келісім болмағанын жасырмады.
«Осылай әңгіме болып кетеді деп ойламадым»: Жазира Байырбекова қалың малға қатысты ойын айтты
131
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова қалың малға қатысты пікірін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі белгілі бір қағиданы ұстанбайтынын атап өтті. Сонымен қатар құда-құдағиы арасында ешқандай келісім болмағанын жасырмады. Айтуынша, балалардың бақыты – басты орында.

«Келінімізге берген қалың малдың көлемі осыншалық әңгіме болып кетеді деп ойламадым. Әрқайсымыз сыйлықтарымызды өз қалауымызбен, шын көңілімізбен жасадық. Әр ата-ана үшін ұл да, қыз да баға жетпес қой. Сол үшін ақшамен бағалаған дұрыс емес. 100 мың берсе де, 100 млн берсе де жігіттің ата-анасы шешеді деп ойлаймын. Менің құдағиым менен ештеңе сұраған жоқ. Мен де артынан қандай дүние әкеледі демеймін. Әкелмесе де, ештеңе етпейді. Бастысы, балаларымыз бақытты болсын», – деп жазды Жазира Байырбекова. 

Айта кетейік, әншінің отбасы келінінің қалың малына 10 миллион теңге берген видео тараған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.