Жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды.
Брайль қарпінде және аудионұсқада: Конституцияның жаңа басылымының таныстырылымы өтті
Фото: Ақорда
102
оқылды

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымының таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Басылым қазақ және орыс тілдерінде Брайль қарпінде, сондай-ақ аудионұсқада әзірленді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері қатысушыларды бедерлі-нүктелі қаріппен басылған кітаптарды дайындау үдерісімен таныстырып, олардың жасалу кезеңдерін көрсетті.

Жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Тәуелсіздікті нығайтуға, саяси жүйені жаңғыртуға және қоғам дамуының жаңа үлгісін қалыптастыруға бағытталған құжат ретінде Ата Заңның мәні айрықша.

Іс-шараның басты мақсаты – маңызды мемлекеттік құжаттарды барлық азамат үшін қолжетімді қылып, баршаға бірдей мүмкіндікті қамтамасыз ету.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.