Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің берген сыйлығын көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жолдасы іссапарда жүрсе де, Ғашықтар күнінде гүл шоқтарын жіберуді ұмытпағанын айтып, видео жариялады.
Ал кейбір оқырман мұны мақтаншақтыққа балаған. Әнші қазір әлеуметтік желі дамыған уақыт екенін атап өтті.
«Жаңа видео жарияласам, мені “мақтаншақ” дейтіндер бар. Бірақ сіздер де өз қуаныштарыңызды бөлісіңіздер. Жақсы сәттеріміз көп болсын. Қазір – әлеуметтік желі дәуірі. Қуанышымызды жасырып қалмай, бөлісу – қалыпты нәрсе. Бұл – мақтану емес. Оқырмандарым бар болғандықтан, өз өмірімдегі жаңалықтарды айтып отырғанымда тұрған ештеңе жоқ», – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
