Шараның мақсаты – іздеуде жүрген күдіктілер мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау.
Оралда ұрлық жасаған шетелдіктер Ереванда ұсталды
170
оқылды

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен бірлесіп «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шараның мақсаты – іздеуде жүрген күдіктілер мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың наурыз айында Орал қаласында жасалған пәтер ұрлығына қатысы бар Армения Республикасының екі азаматы іздеуде болған. Жедел шара барысында олар Ереван қаласында анықталып, ұсталды.

Жалпы, екі күн ішінде жүргізілген операция нәтижесінде 17 күдікті қолға түсті. Оның ішінде төртеуі Батыс Қазақстан облысында ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздестірілсе, 11-і Ресей Федерациясы, сондай-ақ бір-бірден Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдары тарапынан іздеуде болған.

Сонымен қатар Орал қаласында бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп танылған үш азаматтың жүрген жері анықталды.