Осы жеңістен кейін «Қайрат» 14 ұпаймен турнирлік кестеде жеке көш бастады
«Қайрат» жеңіске жетіп, ҚПЛ-де жеке көш бастады
vk.com/fckairat
174
оқылды

Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» 2:0 есебімен жеңді. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, үзілістен кейін ойын толықтай алаң иелерінің бақылауына өтті. Алдымен Дастан Сәтпевтың соққысы рикошет арқылы қақпаға кірсе, кездесудің соңында Жоржиньо есепті еселей түсті.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 14 ұпаймен турнирлік кестеде жеке көш бастады. Ал «Каспий» бір ұпаймен соңғы орында қалып отыр.

Ал тағы бір кездесуде «Елімай» мен «Астана» 2:2 есебімен тең тарқасты. Ойынның алғашқы минутында Марин Томасов есеп ашқанымен, көп ұзамай семейлік команда таразы басын теңестірді. Бірінші тайм соңына дейін «Елімай» алға шықса, екінші тайм басында «Астана» қайта есепті теңестіріп, матч соңына дейін нәтиже өзгермеді.