Ресми мәліметке сәйкес, бала ауру басталғаннан кейін екінші күні инфекциялық орталыққа жатқызылған. Жағдайы нашарлап, кейін реанимация бөліміне ауыстырылған.
"Туғаннан бері вакцина салмаған": Қарағандыдағы баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасалды
143
оқылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысында болған бала өліміне байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, бала ауру басталғаннан кейін екінші күні инфекциялық орталыққа жатқызылған. Жағдайы нашарлап, кейін реанимация бөліміне ауыстырылған.

Тексеру барысында науқаста бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ инфекциялары қатар жүрген аса ауыр жағдай анықталған. Сонымен қатар иммун тапшылығы және туғаннан бері вакцинацияның болмауы аурудың асқынуына әсер еткен.

Дәрігерлер барлық қажетті ем-шараларды толық көлемде жүргізген. Науқастың жағдайы бірнеше рет республикалық мамандардың қатысуымен қаралған. Бірақ қабылданған шараларға қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Министрлік бұл жағдайды тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен жан-жақты тексеретінін мәлімдеді. Сондай-ақ қоғамды тек ресми ақпаратқа сүйеніп, расталмаған деректер таратпауға шақырды.