Бұл жолы португалиялық футболшы АФК Чемпиондар лигасының ширек финалында көзге түсті
Криштиану Роналду мансабындағы 969-шы голын соқты
112
оқылды

Әл-Наср шабуылшысы Криштиану Роналду қатарынан үшінші ойында мергендігімен көзге түсті. Бұл жолы португалиялық футболшы АФК Чемпиондар лигасының ширек финалында қонақта Әл-Уәсл командасына қарсы кездесуде жеңіс голын соғып, командасының 4:0 есебімен ірі жеңіске жетуіне үлес қосты.

Бұл гол Роналдудың кәсіби мансабындағы 969-шы нәтижелі соққысы болды. Сонымен қатар «Әл-Наср» барлық турнирлерді қоса есептегенде қатарынан 18 матчта жеңіске жетіп отыр.

Сауд Арабиясы чемпионатында маусым аяқталуына алты тур қалғанда «Әл-Наср» турнир кестесінде көш бастап тұр. Команда екінші орында келе жатқан Әл-Хиләл клубынан бес ұпай алда келеді.