Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев өз Instagram парақшасында туған жерге арналған өлең жолдарын жариялаған. Желі қолданушылары бұл жазбаны ерекше ықыласпен қабылдап, түрлі пікірлерін қалдыруда.
Қасиеттім, киелім,
Жаралған сенен сүйегім.
Арқардай ауып жүргенде,
Арқамды саған сүйедім –
Рахмет саған, туған ел!
