Сонымен қатар шамамен 26 миллиард теңгеге тең сақтандыру агенттік қызметіне қатысты операциялар тексеріліп жатыр. Олар ҚҚС-тан босатылған ретінде көрсетілген.
«Миллиардтап салық төлемеген»: микроқаржы ұйымдарын тексеру күшейді
109
оқылды

Мемлекеттік кірістер комитеті микроқаржы ұйымдарына жүргізілген тексеру қорытындысын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Нәтижесінде, 4 МҚҰ бойынша «кепілдік» шарттары арқылы 55,9 миллиард теңге айналым жасалып, 6,1 миллиард теңге қосылған құн салығы (ҚҚС) төленбегені анықталды. Бұл деректер апелляция және сот арқылы расталған.

Сонымен қатар шамамен 26 миллиард теңгеге тең сақтандыру агенттік қызметіне қатысты операциялар тексеріліп жатыр. Олар ҚҚС-тан босатылған ретінде көрсетілген.

Заңға сәйкес, МҚҰ тек қарыз беру қызметі бойынша ғана ҚҚС-тан босатылады. Ал қосымша ақылы қызметтер салық салуға жатады.

Тексеру барысында кейбір ұйымдар табыстың бір бөлігін салықтан жасыру үшін арнайы схема қолданғаны белгілі болды. Қарыз рәсімдеу кезінде клиенттерге «кепілдік» қызметі ұсынылып, іс жүзінде бұл төлемді кейінге қалдыру қызметі болған. Соған қарамастан, бұл төлемдер ҚҚС-тан босатылған операция ретінде рәсімделген.

Мамандардың айтуынша, формалды түрде бөлек шарттар болғанымен, шын мәнінде бұл – қарызға қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақылы қызмет.

 

Комитет мұндай тәсілдер жекелеген жағдай емес екенін атап өтті. Ұқсас схемалар сақтандыру агенттік қызметінде де анықталған. Қазіргі уақытта тексерулер жалғасуда, нәтижесіне қарай тиісті шаралар қабылданады.