Ширек финалда Ерлік чехиялық Якуб Юрканы 15:9 есебімен жеңсе, финалға шығу үшін өткен кездесуде швейцариялық Ян Хауриден 15:12 есебімен басым түсті.
Ерлік Сертай семсерлесуден Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері атанды
98
оқылды

Қазақстандық шпагашы Ерлік Сертай Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Гран-при кезеңінде күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 1/32 финалда оңтүстіккореялық Ён Хо Намды 15:6 есебімен жеңді. Одан кейін венгриялық Левенте Бутаны 13:12 есебімен, сондай-ақ, әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Гергеи Шиклошиді (Венгрия) 15:12 есебімен ұтты.

Ширек финалда Ерлік чехиялық Якуб Юрканы 15:9 есебімен жеңсе, финалға шығу үшін өткен кездесуде швейцариялық Ян Хауриден 15:12 есебімен басым түсті.

Ал шешуші сында Сертай венгриялық Давид Надьге 12:15 есебімен есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.