Әнші Қайрат Нұртас тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі пайдалы дүние жарыққа шығарып, өмірін шығармашылыққа арнағысы келетінін айтты. Сонымен қатар көптен бері Азан шақыруды армандап жүргенін жасырмады.
"Еліме тек жақсы нәрсе қалдырғым келеді. Менің ең үлкен арманым - Азан шақыру. Қанша жылдан бері армандап келе жатырмын. Негізі дауысты да сол үшін берген деп ойлаймын. Сол арманыма жетсем екен деп жүрмін. Негізі ең үлкен арманым осы", – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
