1-3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 12 ер балуан қорғайды.
Тәжікстандағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
Фото: ҚР ҰОК
100
оқылды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Душанбеде (Тәжікстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, 1-3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 12 ер балуан қорғайды. 

60 келіге дейін: Нұраділ Әлжан, Тоқтар Үміталиев

66 келіге дейін: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша

73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Мәди Жеткерген

81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Даниил Крылов, Нұржан Бейсенов

100 келіге дейін: Бейбіт Мадеев, Мавлидов Мухаммедали

Айта кетейік, тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.