Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) алдағы турнирге қатысушылардың тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Түркияда өтетін Әлем кубогына қатысады
93
оқылды

Ыстамбұл қаласында (Түркия) рапирамен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) алдағы турнирге қатысушылардың тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы атынан бұл кезеңде бес рапирашы бақ сынайды. Құрамға София Актаева, Ғалым Нұрымов, Алина Ескендірова, Тамирлан Калиев және Никита Пономарев енді.

Жарыс 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтеді.