Астанада қайғылы оқиға болды. Тілендиев көшесі, 44А мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен бала құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл ақпаратты Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы растады.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлер оның алған жарақаттарынан көз жұмғанын тіркеді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
