Қазақстанда техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі енгізілмек, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Енді құралдар бұрынғыдай біржола берілмей, жалға ұсынылып, кейін қайта айналымға қайтарылады.
Бұл туралы Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Оның айтуынша, пилоттық жоба биыл маусым айынан бастап Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында іске қосылады.
Жаңа жүйеге сәйкес, пайдаланылған құралдар сараптамадан өтіп, жағдайына қарай жөнделеді, қайта беріледі немесе есептен шығарылады. Бұл тәсіл құралдардың қолжетімділігін арттырып, оларды алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Жоба толық көлемде биыл жылдың екінші жартысында іске қосылады.
