Ресейлік әнші Леонид Агутин Қазақстандағы концертінен кейін Батырхан Шүкеновке құрмет көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентер жазба жариялап, досына деген сағынышын жеткізді.
«Сәлем, қымбатты досым! Қазір сенің даналығың, мейірімің, қайталанбас музыкалық талантың қатты жетіспейді. Кеше Астанадағы концерттен кейінгі гүлдердің бәрі — көрермендер мен біздің саған деген құрметіміз. Рақмет саған! Біз сені жақсы көреміз және ешқашан ұмытпаймыз», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне сүйсініп, адалдығы мен ыстық ықыласы үшін алғыс білдірді.
«Шынайы достықтың үлгісі», «Іс сөзден биік», «Леонид Батырханның қабіріне жыл сайын келіп тұрады», «Нағыз достық деген осы», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
