Актер халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты тұлғаның азаматтық болмысын еске алды.
«Сана биігінен орын таптың ба?..»: Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхтар Шахановтың азаматтық болмысы туралы айтты
Коллаж: Aikyn.kz
88
оқылды

Халық әртісі, актер Тұңғышбай Жаманқұлов әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актер халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты тұлғаның азаматтық болмысын еске алды. Сонымен қатар қайсар мінезді, шындық үшін күрескен қайраткер екенін айтты.

"Ей артық туған асыл ер, нағыз Азамат... Шындық үшін шырылдап қана емес, айқайлап өткен атпал жүректі, жолбарыс текті жанкешті! Сен де өттің бе, жалғандық жайлаған алдамшы өмірден... Әділет іздеп кеттің бе, ол шіркіннің Жоғарыда да жоқ екеніне көзің жетіп, енді өзің аңсаған Сана Биігінен орын таптың ба? Арсыға өттің бе, Бейопаға жеттің бе?.. Шығыстың жеті жұлдыз шоғырына сегізінші боп қатарларынан орын тептің бе?... Қош, соры қалың қазақтың қадірі артық шыншыл Шайыры... Бақұл бол..." – деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.