Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың ұрпағы жайлы видео жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.
Бекзат Саттархан есімді желі қолданушысы ақынның туған ауылына барып, артында қалған ұрпағымен кездескенін айтты. Айтуынша, ақынның екі ұлынан тараған 9 немересі бар.
Ақынның ұлдары Рауан мен Қуаныш өмірден өткен.
"Мұхтар Шахановтың келіні мен немерелерінен сұхбат алдым. “Асылдың сынығы, тектінің тұяғы” дегендей, атамыздың 2 ұлынан тараған 5 ұл, 4 қыз немересі бар. 2 ұлы да өмірден озған. Рауан ағамыз 2021 жылы, Қуаныш ағамыз 2025 жылы. Немерелері жауапкершілікті өз мойындарына алып, көңіл айтып келгендерге қызмет етіп жүр. Қуаныш ағамыздан 2 перзент; Елқанат аға мен Нұрмерей әпке. Видеода атамыздың кіші келіні, Рауан ағамыздың асыл жары – Жаңагүл жеңешеміз, ұлдары Әділ, Нұрмұхаммед, Ұлтқыран, Елсұңқар, сондай-ақ Сәтмөр, Асыл, Балнұр есімді қыздары бар. Бәрі де атасының жолын қуатын, көздерінде жалыны бар қыздар мен жігіттер екен. Өмір жолдары ашық болғай!" - дейді видео авторы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
