Сондай-ақ ұландық спортшы абсолюттік есепте үздіктер қатарынан табылып, ІІІ орынға тұрақтады.
Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жүзуден жеңімпаз атанды
113
оқылды

Елордада ASTANA SWIM CHALLENGE халықаралық форматтағы жүзу додасы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Open Water Pool (OPW) форматында ұйымдастырылған беделді жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Нұртас Әлібеков үздік нәтиже көрсетті. 

Жарыс барысында қатысушылар бассейн периметрі бойынша арнайы белгіленген бағытпен жүзіп, өзара мықтыны анықтаған. Бұл формат ашық суда жүзу жағдайын имитациялаумен ерекшеленеді.

Нәтижесінде, қатардағы Нұртас Әлібеков 18 жастан жоғары санаттағы қарсыластарынан оқ бойы озып, І орынды иеленді.

Сондай-ақ ұландық спортшы абсолюттік есепте үздіктер қатарынан табылып, ІІІ орынға тұрақтады.

Әскери қызметшінің бұл жетістігі – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің тек қызметте ғана емес, спортта да биік белестерді бағындыра алатынын дәлелдейді.