Қырғызстанда бір жасқа толмаған екі сәбиден коронавирус табылды
Қырғызстанда бір жасқа толмаған екі сәбиден коронавирус табылды
© Сурет интернеттен алынды
178
оқылды
Бұл жайында Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Толо Исаков хабарлады. Оның айтуынша, науқастардың арасында үш бала бар. Екеуі - 1 жасқа толмаған сәби екен. Ал үшіншісі алты жасар бала және 14 жастағы жасөспірімнен табылған. Қалғаны - 16 мен 86 жас аралығында. Барлығы Қырғызстанның түрлі аймағындағы инфекциялық және облыстық ауруханаларға жатқызылған. Осылайша, Қырғызстанда коронавирус жұққандар саны бір күн ішінде 42 адамға жетіп, күрт көбейді. Елде 25 наурыздан бастап бірқатар аймақтар: Бішкек, Ош, Жалалабад қаласы, Ош облысының Ноокат және Кара-суу ауданы, Жалалабад облысы Сузак ауданында төтенше жағдай енгізілген.