Марқұм осыдан бір жыл бұрын қайтыс болған.
"Флюорографиядан өтуіңіз қажет": Рудныйда қайтыс болған әйелді емханаға тексерілуге шақырған
фото: www.istockphoto.com
234
оқылды

Бұл жағдай Рудный қаласында орын алған. Қайтыс болған анасының атына флюорографияға шақырту келгені жайында қызы айтқан, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Кaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оның анасы осыдан бір жыл бұрын қайтыс болған.

— Маған мессенджер арқылы емхана қызметкері жазып, анамның флюорографиядан өту қажет екенін  атты. Бұл моральдық тұрғыдан өте ауыр жағдай. Анамның қайтыс болуын әлі де қиын қабылдаймын, ал оның атына емханадан осындай шақырту алу — үлкен қатыгездік сияқты көрінеді, — деді ол.

Қайтыс болған адамның қызы бұл хабарлама оны қатты күйзеліске түсіргенін айтты. Ол емханаға анасының 2024 жылдың маусымында қайтыс болғанын растайтын құжаттарды ұсынған. 

Рудный қаласындағы № 2 емхананың түсіндіруінше, науқас 2025 жылы қайтыс болған. Қайтыс болған күні РПН (Тіркелген халық регистрі) жүйесінде өлім туралы анықтама енгізіліп, оның мәртебесі «қайтыс болған» деп өзгертілген. Алайда КМИС «Дамумед» жүйесімен синхрондау кезінде техникалық ақаулар болып, ақпарат уақытында берілмеген. Соның салдарынан пациент жүйеде тірі ретінде көрсетіліп, учаскелік мейірбике скринингке шақырту жіберген.

Кейін деректер қолмен жаңартылып, мәртебе түзетілген. Емхана мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүйелерді тексеріп, деректерді қолмен жаңартып отыратынын және туыстарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.