Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Елордадағы көпқабатты үйдің бірінен өрт шықты
фото: www.istockphoto.com
102
оқылды

Астана қаласының Сарайшық ауданындағы 10 қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Өрт Кенен Әзірбаев көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйдің 7-қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, кіреберістің іші қою түтінге толып кеткен. Бұл туралы Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазір өртті толық ауыздықтау үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндірудің бірнеше учаскесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ үй тұрғындарын эвакуациялау жұмысы жүргізілуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, «112» пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.