Бүгін Астана қаласында жыл сайын өтетін төртінші қайырымдылық Run for Autism жүгіру жарысы өтті. Сайыстан жиналған 42 млн теңгені үйымдастырушылар қайырымдылыққа жұмсалмақ. Яғни, аутизм сынды өзге де менталдық бұзылысы бар жасөспірімдер мен ересектерді кәсіби оқытуға бағытталады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шараны Bolashak Charity серіктестердің қолдауымен ұйымдастырды. Жарыстың мақсаты – қоғамның аутизм туралы хабардарлығын арттыру, аутизмі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі мен өзін-өзі басқаруға жағдай жасау, сондай-ақ инклюзияны дамыту.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дерегіне сәйкес, аутизм шамамен әрбір 100 баланың бірінде кездеседі, ал әлемде аутизм спектрінің бұзылыстары бар адамдар саны 75 миллионнан асады. 2026 жылғы 1 сәуірдегі ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда АСБ диагнозымен динамикалық бақылауда 18 153 адам тұр, оның 17 713-і — кәмелетке толмағандар (97,5%). Халықаралық сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың деректеріне сәйкес, Қазақстандағы АСБ бар балалар саны ресми көрсеткіштен едәуір жоғары болып, 35 мыңнан асуы мүмкін. Елордада АСБ диагнозымен 4 368 адам тіркелген, оның 4 232-сі — балалар (96,8%).

Run for Autism — аутизмді зерттеуді қолдауға бағытталған халықаралық бастама. Қазақстанда Run for Autism жүгіру жарысын Bolashak Charity қоры алғаш рет 2023 жылы өткізді. Үш жыл ішінде жарысқа 6 443 адам қатысып, 42 348 444 теңге жиналды. Осы қаражатқа Астана қаласы мен Қостанай облысы аумағындағы балабақшаларда, мектептерде және колледждерде 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.
Bolashak Charity ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гапланның айтуынша, жарыс барысында дәстүрге айналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізілді. Оған аутизм, Даун синдромы, церебралды сал ауруы, психикалық және сөйлеу дамуының тежелуі, дислексиясы бар 5 пен 14 жас аралығындағы шамамен 180 бала қатыс, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталған.
— Run for Autism — ерекше шара, өйткені оған біздің жобаларымыздағы жасөспірімдер, олардың отбасылары, педагогтер, серіктестер және қор достары қатысады. Бұл жай ғана жүгіру сайысы емес, түрлі қалалардағы адамдарды ортақ идея төңірегіне біріктіретін шынайы қозғалысқа айналды. Әуелде жобаны бастағанда қоғамның назарын аутизм мен менталдық денсаулық тақырыбына аударуды мақсат еткенбіз. Бүгінде сол мақсатқа жеттік. Себебі бізбен бірге стартқа мыңдаған адам шығады. Осының өзі қоғамның барған сайын ашық, саналы, маңызды әлеуметтік бастамаларды қолдауға дайын екенін көрсетеді. Өйткені осының алдындағы қатысушылардың арқасында біз ондаған инклюзияны қолдау кабинеттерін аша алдық. Міне, соның көмегімен аутизмі бар және өзге де менталдық ерекшеліктері бар жүздеген бала қаралуына мүмкіндік туды. Осы жолғы жиналған қаражатты аутизмі бар жасөспірімдер мен жастарды кәсіби оқыту бағыттамақпыз. Сондықтан іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқандарға алғысым шексіз. Атап айтсам, Астана қаласының әкімдігіне, A-Event компаниясына бар, — деді Bolashak Charity ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.
Жарыс 1 км, 2,5 км, 5 км және 10 шақырым бойынша төрт қашықтықта өтті. Қатысу құны - 8 990 теңгеден 11 990 теңгеге дейін. Сайысқа еліміздің 26 қаласынанан 5 000 адам қатысты. Бұл сайысқа 100-ден астам ерекше жан қатысты. Сонымен қатар, жарысқа онлайн түрде Қазақстанның 30 қаласынан, сондай-ақ Ұлыбритания мен Ресей елдерінен 140 адам қатысты. Тіпті жарысқа халықаралық компаниялардың қызметкерлері, шетелдік елшіліктердің өкілдері, оның ішінде Ұлыбритания, Испания, Түркия, Швеция, Эстония елдерінің дипломаттары, сондай-ақ Еуропалық Одақ Делегациясы өкілдері қатысты.

Run for Autism жарысына арнайы Мәскеу қаласынан ұшып келгенін Юлия Асфина айтып берді. Оның РАС диагнозы бар 12 жастағы жасөспірім баласы бар.
Айтуынша, Bolashak Charity қорының Астана қаласында осындай жарыс ұйымдастыруы арылы соның бір бөлігі болуына мүмкіндік туды.
«Өкінішке қарай, Ресейде әзірге Run for Autism жобасы жоқ, бірақ бір күні оның пайда боларына үміттімін. Аутизм тақырыбымен күн сайын жұмыста да, өмірде де бетпе-бет кездесіп жүрген жан ретінде айтарым, мұндай жобаның әсіресе РАС бар балаларды қолдайтын жобаға қатысу мен үшін маңызды. Жүгіруді де жақсы көремін, жарыстар мен жартылай марафондарды жібермеймін. Run for Autism жарысына биыл екінші рет қатыстым, өткен жылы Мәскеу қаласында онлайн форматта жүгірген едім. Сол кезде ұйымдастырушылар маған медаль, футболкасы бар старттық пакет табыстаған. Ал биыл Астана,а келу бұйырды. Осындай мықты әрі шабыттандыратын жобаның бір бөлігі болып, балаларымызды қолдайтын құнды дүние», — деді Юлия Асфина.

Кулянда Атчибаева немересі Ахмадимен бірге жарысқа Атырау облысынан келді. Олар 1 шақырым қашықтыққа жүгірді. Ахмади 17 жаста, оның Даун синдромы бар. Ол күн сайын Мақат аудандық оңалту орталығына барады. Кулянда апа немересінің дамуына белсенді түрде көңіл бөледі: екеуі бірге Қазақстанның түрлі қалаларына даму ерекшеліктері бар балаларға арналған спорттық жарыстарға тұрақты түрде қатысады — жүзу, жүгіру, секіру, шаңғы спорты және басқа бағыттар бойынша.
«Мен үнемі немереме арналған қандай іс-шаралар, жарыстар, сауықтыру лагерьлері және өзге де мүмкіндіктер өтіп жатқанын қадағалап жүремін. Біз барлық жерде қатысуға тырысамыз. Менің мұның бәрін жасауымдағы ең басты мақсатым — әлеуметтену мен қарым-қатынас. Немерем адамдармен араласа алса, өз бетінше болып, қоғамда сенімді өмір сүрсе деймін. Немереме қазір 17 жас болды, сондықтан оның болашағы туралы жиі ойлана бастадым. Жақында біз Атырау қаласындағы «Оқу-өндірістік комбинат» жобасына жазылдық. Бұл жобаны біздің қаламызда Bolashak Charity қоры Теңізшевройл компаниясының қолдауымен іске қосып жатыр. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш», — деп бөлісті Кулянда Атчибаева.
Мәре сызығын кесіп өткен жарысқа қатысушыларға естелік медальдар табысталды, ал әр қашықтық бойынша алғашқы үш жеңімпаз дипломдармен марапатталды. Барлық жүгірушілерге старттық пакеттер берілді. Оның құрамына шоппер сөмкесі, жүгіруге арналған футболка, старт нөмірі, ақпараттық парақша, сыйлықтар ұтысына қатысу талоны, құрт, дрип-кофе пакеті, кинезио-тейп, сутекті магний (Supreme H₂), косметологиялық қызметтерге сертификаттар, мұздатылған йогурт және бургерханаға сертификаттар кірді.

Жарысқа қатысушылар арасында 20-дан астам бағалы сыйлықтар мен тартулар ойнатылды. Олардың қатарында екі адамға арналған Грузия еліне саяхат, 1 тонна бензин, смартфон, бес жұлдызды қонақүйлерде тұруға сертификаттар, бір айлық кофе қоры, бір жылдық мұздатылған йогурт қоры, тау велосипеді және басқа да сыйлықтар болды.
Іс-шараны 70-тен астам демеуші мен серіктес қолдады. Олардың қатарында: Астана қаласы әкімдігі, «NAK» құрылыс холдингі, ALSTOM, TechnoGym компаниялары, «Село Лесное» сауда белгісі, KAZZINC, Dandelion, Garden, «Курочка Ряба», Ozen, MYD Production, Drinkit Coffee, G-Life, Qazaq Oil, TUMI, Fix Price, SARQYT, Y Cosmetology, VEOLES, Арзан ALEM e-commerce Turan Water, A-Event, INTERTOP, Rixos Borovoe, NAVAT чайхана, Abyroi, iSpace, AI Trust Clinic, Chaplin Cinemas, FlyArystan, Summer Love Frozen Yogurt, Мясная лавка FARШ/Бургерная, QAZAQ ATHLETICS, Cheese Show, Digital Boards, LIFTMEDIA, ТРЦ Keruen, 5G Kcell Activ, ARGYMAQ, Hilton Astana, ASTANA PRODUCTION, Marwin, Sundar Yoga, «Орловские бани», ANTA, Ailand, IT-компания Digital Bords, My Start, Mustafin Magazine, ASTANA TV, Love Radio Qazaqstan, Codus Media, Aitmedia, Proreklama және басқа да ұйымдар бар. Ақпараттық серіктестер: «Хабар» Агенттігі» АҚ, «Euronews», «Qazsport», «Astana TV», «Almaty TV» телеарналары, «AMANAT MEDIA GROUP» медиа холдингi, «Mustafin Magazine», «Aitmedia», «Smartnews», «InfoTimes», «Kaztourism.media» сайттары.
