Украина Қауіпсіздік қызметі Қырымда Ресейдің әскери нысандарына қарсы арнайы операция жүргізгенін мәлімдеді. Севастопольдегі Қара теңіз флоты базасы мен Бельбек әскери аэродромына жасалған соққы нәтижесінде үш әскери кеме мен жойғыш ұшақ зақымданған.
УҚК дерегінше, соққыға ірі десанттық «Ямал» және «Фильченков» кемелері, сондай-ақ «Иван Хурс» барлау кемесі ұшыраған. Бұдан бөлек, Бельбек аэродромында орналасқан МиГ-31 жойғыш ұшағына соққы жасалғаны хабарланды.
Сонымен қатар оқу орталығы, радиотехникалық барлау штабы, радиолокациялық станция және аэродромның техникалық нысандары да нысанаға алынған. Украина Қауіпсіздік қызметі өкілдері мұндай операциялар қарсы тараптың әскери инфрақұрылымын әлсіретуге бағытталғанын атап өтті.
