Борышкерлердің банк шотын толық бұғаттау тәжірибесі тоқтатылуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, енді шектеу тек қарыз сомасына ғана қойылады. Яғни, борышкер шоттағы қалған қаражатты еркін пайдалана алады.
Әділет министрлігінің дерегінше, бұрынғы жүйеге қатысты азаматтардан көптеген шағым түскен. Қазіргі таңда жаңа тетік банктермен бірлесіп пысықталып жатыр.
