Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дереу іске кірісіп, жалынды ауыздықтау шараларын қолға алды.
Астанада көпқабатты үйде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды
126
оқылды

Астанада Есіл ауданындағы Бұқар жырау көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 7-қабаттағы пәтерден тұтанып, қою түтін байқалған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дереу іске кірісіп, жалынды ауыздықтау шараларын қолға алды.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру оқпандары бірден іске қосылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген. Қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп, жалпы 10 адам сыртқа шығарылды.

Нақтыланған дерекке сәйкес, ас үйде тұрмыстық техника, жиһаз және басқа да үй заттары жанған.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.