Баян Мақсатқызы әйгілі актрисаға алғысын білдіріп, оны қазақ өнеріндегі ерекше тұлға деп бағалайтынын, биылғы сұлулық байқауын Меруерт Өтекешоваға арнайтынын айтты.
«Ай сайын 1 миллион теңге»: Баян Мақсатқызы Қыз Жібекке үлкен сый жасайтын болды (видео)
Коллаж: Aikyn.kz
253
оқылды

Продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильмінде Меруерт Өтекешова киген камзол қазір өзінде екенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсер бұл камзолды сақтаған әйел өзіне сыйлық ретінде бергенін атап өтті. Алайда ерте ме, кеш пе, оны музейге тапсыратынын жеткізді.

Баян Мақсатқызы әйгілі актрисаға алғысын білдіріп, оны қазақ өнеріндегі ерекше тұлға деп бағалайтынын, биылғы сұлулық байқауын Меруерт Өтекешоваға арнайтынын айтты. 

Сонымен қатар продюсер актрисаға сый жасағысы келетінін жасырмады. Ол Меруерт Өтекешоваға тон сыйламақ. Сонымен қатар жолдасы екеуінің атынан өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететінін жеткізді.

«Қыз Жібек фильміндегі рөліңіз үшін, қазақ мәдениетіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс айта отырып, сізге кішігірім сыйлығым бар,  мына тонды сыйлағым келеді. Сізге ұнайды деп үміттенемін. Сіз әлемдегі барлық жақсылыққа лайықсыз. Сонымен қатар өзімнің және жолдасымның атынан өмір бойына ай сайын 1 млн теңге жіберіп отырамыз. Неге мұны жария түрде айтып отырмын? Себебі ел үшін еңбек етіп, театр мен кинода тер төккен қаншама әртістің ұмыт қалғанын білемін. Мен меценаттарға тұлғаларымызды ұмытпай, көмектесіңіздер дегім келеді », – деді Баян Алагөзова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.