Қазақстан гендерлік теңдік рейтингісі бойынша 92-орында тұр

Денсаулық және күнкөріс саласында оң серпін байқауға болады. Себебі ол жағынан Қазақстан 33-орынға көтерілген.

Қазақстан ДЭФ-тің 2025 жылғы Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде 148 елдің ішінде 92-орынды иеленген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары елімізде гендерлiк теңдiк – басты назарда. Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегі бойынша, еліміздегі тепе-теңдік мәселесі шамамен 69,8%-ға жеткен. Олар 2025 жылы Қазақстан 0,698 көрсеткішімен Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде 148 елдің ішінде 92-орынды иеленгенін көрсетті. Бірақ бұл көрсеткіш 2024 жылғымен салыстырғанда 16 тармаққа төмендеген. Онда да сол кездегі бастауыш  білім мен  орта білімнің қамтуы аз болуы әсерінен дейді. Әйтпесе, Қазақстанда әйелдер білім беру саласында, мемлекеттік және қоғамдық секторда белсенді еңбек етіп келеді.

Формалды құқықтың болуы, жекелеген салалардағы белгілі бір жетістікке жеткенімен, қоғамдық және экономикалық өмірге толыққанды араласуын қиындататын жүйелі шектеулер кездеседі. Атап айтсақ, менталитет жағынан бойға сіңіп кеткен стереотиптер, үй жағдайындағы не отбасындағы әйелдердің жағдайы әсер етеді. Мысалы,  экономикадағы – ең алдымен еңбекақы мен олардың жұмыспен қамтылу деңгейінде әлі де қалыс қалып отыр. Сондықтан сарапшылар да Қазақстандағы гендерлік теңдіктің жалпы деңгейін орташадан төмен деп сипаттап отыр.

Қазақстанда гендерлік теңсіздіктің болуы мәселесі бойынша сауалнама жүргізгенде қатысушылардың тең жартысы  (47,5%) ерлердің мансаптық өсу және қоғамдық өмірге қатысуына мүмкіндігі көп деп ойлайды. Тек 6,4%-ы әйелдердің мүмкіндік бар деп санайды. Әйтпесе, жауап  бергендердің  45%-ы  елде  ерлер  мен  әйелдердің құқығы мен мүмкіндігі тең деп санайды. Ал Қазақстандағы әйелдердің мүмкіндігі басым деп ерлердің 7,4%-ы қолдаса, қыз-келіншектер тарапынан 5,6%-ы ғана дауыс берген. Бұл әйелдердің гендерлік теңсіздікті жиі байқайтынын көрсетеді. Соған қарамастан денсаулық және күнкөріс саласында  оң  серпін  байқауға болады. Себебі, ол жағынан Қазақстан  33-орынға  көтерілген.

Қызығы, елімізде гендерлік теңсіздікті қабылдау аумаққа байланысты өзегеріс байқалады.  Мәселен, ерлердің мансаптық өсуі мен қоғамдық өмірге араласуы үшін мүмкіндігі басым деп санайтын респонденттердің ең көп саны Астанада – 67,2%, сондай-ақ Шымкент қаласы (62,1%), Жамбыл (57,2%) және Маңғыстау (56,9%) облыстарында байқалады. Әйелдердің мүмкіндігі көп дегенге Атырау (16,5%) және Жетісу (13,4%) облыстары жоғары үлес көрсеткен. Ал Ұлытау облысында жауап беруге қиналған респонденттердің ең көп пайызы (14,8%) тіркелген.