Полиция өкілдері мұндай әрекеттің аса қауіпті екенін атап өтті.
Полициядан қашқан трактор жүргізушісі қамауға алынды
108
оқылды

Астанада жаяу жүргіншілер жолымен полициядан қашып бара жатқан көк трактордың видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Анықталғандай, тракторды басқарған жүргізуші мас күйде болған. Ол ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция өкілдері мұндай әрекеттің аса қауіпті екенін атап өтті.

– Көлікті мас күйде басқаруға жол берілмейді. Бұл – жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді. Азаматтарды жол ережелерін сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Сот шешімімен жүргізуші 18 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар трактор коммуналдық тұраққа қойылды.