Хат мазмұнына сәйкес, оның туған анасы болуы мүмкін әйел 2002 жылдары Моңғолиядан Арқалық қаласына оқуға келген.
Жәнібектің туған анасы жақын арада табылып қалуы әбден мүмкін
199
оқылды

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелге кеткен Жәнібекке (Jani Saveliev) қатысты тың мәлімет пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Қазақ радиосына» сілтеме жасап.

Редакцияға жолданған хатта келтірілген деректер Жәнібектің бұған дейін белгілі болған өмірбаяндық мәліметтерімен сәйкес келетіні айтылған.

Хат мазмұнына сәйкес, оның туған анасы болуы мүмкін әйел 2002 жылдары Моңғолиядан Арқалық қаласына оқуға келген. Сол кезеңде жүкті болған бойжеткен бұл жағдайды ата-анасына айтуға қорқып, перзентханада босанып, ресми түрде нәрестеден бас тартқан.

Хатты жолдаған адам аталған әйелдің өзінің қайын әпкесі екенін жеткізеді. Оның айтуынша, Жәнібек сол тастап кеткен бала болуы әбден мүмкін. Бұған туған күндерінің сәйкес келуі және әйелдің баласын іздеп жүргені, сондай-ақ Жәнібектің оған қатты ұқсайтыны негіз ретінде келтірілген.

Осы жайттарды алға тартқан хат иесі мәселені нақты анықтау үшін тексеріс қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ туыстары ДНК сараптамасын тапсырып, Жәнібекпен биологиялық байланысы бар-жоғын анықтауға ниетті.