Өнер иесі Шымкентте өткен жеке ән кешінен ешқандай пайда көрмегенін айтты.
«Енді концерт өткізбеймін-ау...»: Роза Әлқожа ренішін білдірді
84
оқылды

Әнші Роза Әлқожа концертін ұйымдастырушыларға ренішін білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі Шымкентте өткен жеке ән кешінен ешқандай пайда көрмегенін айтты. Сонымен қатар ұйымдастырушыларға көңілі толмағанын жеткізді. 

«Шымкенттегі концерттен бір тиын пайда жоқ. Баяғыда Қызылорда мен Ақтөбеде Дастан деген жігіт концерт өткізіп, 3,5 миллион теңге қарызын әлі берген жоқ. Қанша жыл болды. Осындай концерттерге күлкім келеді. Өліп-өшіп халықтың алдына шығатын – мен. Концертті жүргізетін – мен. Ән салатын – мен. Елге жауап беретін – мен. Бірақ пайдасын көретін – ұйымдастырушылар. Мейлі, ары білсін. “Анаған кетті, мынаған кетті, өйтті, бүйтті” дейді. Ұқит-сұқит. Салпақтап жүрген кім? Еңбегін төккен кім?  Шаршап өлейін деп жүрген кім? Таңғаламын, Бұдан кейін концерт бермеймін-ау!" – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.