Астана қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында муай-тайдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте көш бастағандар:
1-орын - Алматы облысы
2-орын - Алматы қаласы
3-орын - Солтүстік Қазақстан облысы
Додаға еліміздің 16 өңірінен 425 спортшы қатысты.
Айта кетейік, байрақты бәсекенің жеңімпаздары маусым айында Куала-Лумпурда өтетін мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында, сондай-ақ қыркүйекте Приштинада (Косово) өтетін жастар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
