Спортшы басты арманын айтты.
Талғат Орынбасар: жеңісімді Қазақ еліне арнағым келеді
Фото: ҚР ҰОК
107
оқылды

Санаулы күндерден кейін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталады. Осы орайда Қазақстан ерлер құрамасының балуан Талғат Орынбасар Olympic.kz сайтына берген сұхбатында дайындығына баға беріп, басты арманы жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Олимпиада ойындары жақындап келеді. 60 келіге дейінгі салмақтағы бәсекенің деңгейі өте жоғары. Сондықтан қазір бар күшімізді салып, жаттығу мен тәртіпке ерекше мән беріп жатырмыз. Дайындық барысы көңіл қуантады. Қазір жарақат жоқ, барлығы жақсы. Толық бабымдамын деуге болады. Ең бастысы - осы Астанада алтын медаль жеңіп алып, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген қазақ еліне сол жеңісімді арнағым келеді. Алдымен Астанадағы Grand Slam жарысында сәтті өнер көрсетуге барымызды саламыз. Одан кейін қай турнирге қатысатынымызды бапкерлер штабы шешеді. Әзірге нақты айтпайды қай жарысқа баратынымызды, өзіміз де жарыс жақындағанда ғана білеміз", - деді Талғат Орынбасар.

Айта кетейік, отандасымыз 2025 жылы өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде күміс медаль алған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.