Бүгін, 1 мамыр күні Душанбе қаласында (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam санатындағы турнир басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы финалдық кезеңге дейін жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Нұраділ Әлжан қола медаль үшін белдесті.
Қазақстандық дзюдошы Ачыты Домбууды (Ресей) жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Осылайша, ұлттық құраманың қоржынына ірі халықаралық турнирдегі алғашқы медаль түсті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
