Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адам әйеліне қол көтерген.
Астанада ер адам әйелін аямай соққыға жықты
109
оқылды

Оқиға «Саржайлау» тұрғын үй кешенінің маңында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Куәгерлер ер адамның әйелін ұрып жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақыртылып, олардың мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындаған.

Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс материалдары сотқа жолданған. Сонымен қатар оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.