Атырау облысының Жылыой ауданында 27 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жылыой ауданындағы Теңіз қалашығында көші-қон қызметі шетел азаматтарының елде болу заңдылығын тексеру мақсатында кешенді алдын алу шараларын өткізді.
Тексеру нәтижесінде Қазақстанда болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы анықталып, ел аумағынан тысқары шығарылды. Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 5-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.
Сонымен қатар көші-қон заңнамасын сақтау мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
