Өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін 40 минут ішінде жалынды толық сөндірді.
Көкшетауда үй өртеніп, газ баллоны жарылды
108
оқылды

Көкшетауда екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, өрттің жалпы аумағы шамамен 120 шаршы метрді құраған. Жағдайды күрделендірген жайт — өрт сөндірушілер келгенге дейін екі газ баллоны жарылып, жалынның тез таралуына себеп болған.

Өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін 40 минут ішінде жалынды толық сөндірді. Оқиға барысында құтқарушылар үй ішінен көлемі 27 литр болатын тағы екі газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі қасақана өртеу болуы мүмкін деген болжам қарастырылуда.