Алматы облысының Қарасай ауданындағы Тұрар ауылында бір топ жастардың қатысуымен көшеде төбелес болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Kris_p_almaty телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал барысында суық қару қолданылған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда. Алматы облысының полиция департаменті төбелесті бастаған адамдарды анықтап, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп, төбелеске қатысқан барлық тұлғаларды анықтау және ұстау шараларын қолға алған.
