Ресми мәліметте порттағы мұнай құю нысандары да зақымданғаны айтылды
Ресейдің үш кемесіне соққы жасалды – Владимир Зеленский
153
оқылды

Украина қорғаныс күштері Ресейдің тағы бір әскери кемесіне соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады. Оның сөзінше, Приморск портында «Каракурт» үлгісіндегі, «Калибр» зымырандарын алып жүретін кеме жойылған.

Операция Украина қауіпсіздік қызметі, арнайы операциялар күштері, әскери барлау, шекара қызметі және ұшқышсыз жүйелер бөлімшелерінің бірлескен әрекетімен жүзеге асқан. Сондай-ақ шабуыл барысында күзет катері мен бейресми мұнай тасымалымен айналысатын танкерге де соққы тиген.

Ресми мәліметте порттағы мұнай құю нысандары да зақымданғаны айтылды. Украина тарапы мұндай әрекеттер қарсы тараптың әскери әлеуетін әлсіретуге бағытталғанын атап өтті. Президент соғысты тоқтату Ресейдің өз шешіміне байланысты екенін, ал оның созылуы тек операциялардың ауқымын кеңейтетінін жеткізді.